IGEO-2023 ГЕОГРАФИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АЛТЫН ЖӘНЕ ҚОЛА ЖЕҢІП АЛДЫ » «Төле би атындағы №19 жалпы орта мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
«Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (725) 333-60-72
Есепші бөлімі:
+7 (700) 665-27-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » IGEO-2023 ГЕОГРАФИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АЛТЫН ЖӘНЕ ҚОЛА ЖЕҢІП АЛДЫ
14
тамыз
2023

IGEO-2023 ГЕОГРАФИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АЛТЫН ЖӘНЕ ҚОЛА ЖЕҢІП АЛДЫ

Индонезияның Бандунг қаласында IGeO-2023 географиядан халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті.
Естеріңізге салсақ, ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы қорғаған. Олар үш тур бойынша жарысты: жазбаша тест, мультимедиялық тест және практикалық тапсырма.
Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша медальдар қоржыны екі жүлдемен толықты:
Алтын – Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы;
Қола - Арсен Сыдықов –Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы.
Айта кетсек, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды. Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту. 

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив