14
тамыз
2023
ТИЛЕУБЕРГЕНОВА Шынар Ергалиевна
ӨмірбаянТегі, аты, әкесінің аты: Тилеубергенова Шынар Ергалиевна
Лауазымы,жұмыс,қызмет орны: Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Төле би атындағы №19 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Туған күні жылы және туған жері: 17 қыркүйек 1978 жыл
Ұлты: Қазақ
Білімі: Жоғары, МКТУ
Мамандығы: Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Еңбек өтілі: 23 жыл
Санаты: Педагог-зерттеуші
Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы: жоқ
Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 9 ай
Мектеп басшысы Тилеубергенова Шынар Ерғалиқызы жаңа бағыттағы келбетімен көрініп, алдына үлкен мақсат қойып, соған ұмтылған көшбасшы. Өте жоғары жылдамдықпен жүріп жатқан мынау уақыт көшіне ілесу кез келген маман иесіне ықтияр беруі мүмкін емес. Бірақ соған қарамастан барынша өз ісінің тетігін жете меңгере білген басшы Тилеубергенова Шынар Ерғалиқызына ғана тән қасиет деп айтуға болады. Облыстық Дипломмен « Жаңа Қазақстан.Күшіміз бірлікте» атты өнер фестивалінде I- орынға ие болған.Түркістан облысы «Мадақтама 2023ж» «Бастауыш сыныптарда білім сапасын арттыруда негізгі пәндерді дамыту жолдары», Диплом I- дәрежелі « Директорлар дебаты 2023ж, Сертификат «Директорлар дебаты» «Intellectum DD2» облыстық турнирі 2023ж, Түркістан қаласы,Мақтау қағазы 2023ж «Intellectum DD2 » атты директорлар дебатында I орынға ие болды.
Тилеубергенова Шынар Ерғалиқызы облыс, қала, мектеп көлемінде ұйымдастырылған семинарлар мен конференцияларда мұғалімдер мен оқушылардың арасында білім сапасын арттыруда атқаратын жұмыстарын жаңа тұрғыдан ұйымдастырып, өз ісінің шебері бола білген нағыз білікті басшы екендігін анықтап берді.